АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Дариға Назарбаева Мәжіліс отырысына қатыспады: Парламентте мұның себебін атады[:]

[:kz]

 

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сәрсенбі, 16 ақпанда өткен пленарлық отырысқа қатыспады. Парлманетте депутаттың әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

«Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында», — деп мәлімдеді мәжілістің баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясын жұқтырған соң қалпына келуі үшін қаңтар айының соңына дейін демалыста болатыны айтылған еді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева парламент отырысына жыл басынан бері қатыспаған. Ол жаңа премьер-министр таныстырылған мәжіліс отырысында да болмаған. 

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан. 

Еске салайық, мәжіліс депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі керек екенін айтқан еді. Неліктен отставкаға кетуі керек деген сұраққа Сарым Қазақстандағы қаңтар оқиғалары оның есімімен тікелей байланысты деп жауап берді.

[:]