АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дәмханаларға есек етін өткізумен айналысқан[:]

[:kz]

Өзбекстанның Ферғана қаласында дәмханаларға есек етін өткізумен айналысқан адамдар ұсталды. Ғаламторда бұл жөнінде егжей-тегжейлі баяндалған бейнежазба жарияланды.

 

Бірнеше адам ұйымдасып, Ферғанадағы қоғамдық тамақтандыру орындарына есек етін өткізіп келген. Ал олар мұны сиыр және қой еті деп көрсетіп, одан самса, кәуап және басқа да тағамдар жасауға пайдаланыпты. Есек етінің тіпті ұлттық тағамдар пісіретін тамақтану орындарына жеткізілгені туралы да айтылады.

 

Ал осы істі жолға қойғандар есекті 250 мың, 300 мың сумнан сатып алып, етінің килосын 25 мың, 30 мың сумнан өткізіп отырған екен.

 

Құқық қорғаушылар бұл жануарларды соя­тын қасапхананы да тауып, оны бейнетаспаға түсірген. Ол қаланың Тұран көшесіндегі №85 үйдің ауласында екен. Ол жерден тиісті дәмханаға апаруға дайындап, қаптап және жеңіл көлікке артып қойған бірнеше кило ет тәркіленген. Одан бөлек, бауыздалған бірнеше есек жатыр. Ешқандай да санитариялық талаптың сақталынбағаны туралы айтылады.

 

Мұсылмандар арасында есек еті харам саналатыны, оның етін жеуге тыйым салынғаны белгілі. Ал әлгі пысықайлардың кесірінен қаншама  мұсылман баласы осындай етті жеп келді десеңізші!

 

Д. НҰРПЕЙІС

.zamana.kz/

[:]