АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Чемпиондар лигасының чемпионы — Ливерпуль[:]

[:kz]

Испанияның Мадрид қаласында Чемпиондар лигасының финалдық ойыны аяқталды. Европаның үздік командасы – Ливерпуль! Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. 

Матчтың екінші минутында-ақ Ливерпульдің шабуылшысы Мұхамед САЛАХ пенальтинден есеп ашты. Дивок ОРИГИ 87 минутта гол соғып Тоттенхэм жанкүйерлерінің үмітін өшірді.

1882 жылы құрылған лондондық Тоттенхэм командасы өз тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасының шығып еді. 

Неміс маманы Юрген КЛОПП шәкірттері былтыр да Чемпиондар лигасының финалына шыққан еді. Олар испаниялық Реал командасынан 3-1 есебімен ұтылып қалған болатын. Ливерпуль өз тарихында клубтар арасындағы ең атақты турнирді осымен алтыншы рет жеңіп отыр. 

Фото: 1xbet.kz

Жас Алаш

[:]