АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бұтымды шешіп, артымнан істеді»: Жамбыл облысында 5 жасар баланы жеткіншектер жабылып зорлап кетті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Көп балалы ана: «Ұлымды зорлап, таспаға түсіріп қорлағандарға кешірім жоқ» — дейді.

Жамбыл облысында бес жасар баланың қорлық көруіне қатысты дау шығып жатыр. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылының тұрғыны өзінің кішкентай перзентін жергілікті жеткіншектер жабылып зорлаған деп шағымданды. Анасының айтуынша, онымен қоймай, сол сорақылықты жәбір көрсеткендер таспаға түсіріп қорқытқан көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «КТК» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бес жасар ұлымды алты бала ауладағы ескі қораға кіргізіп, жабылып зорлады», — дейді әйел. 

«Жәбір көрсетті» дегендердің ересегі 12 жаста, кішісі тіпті бесте екен. Бұл жайында анасы келесі күні ауладағы басқа балалардан естіпті.Тек содан кейін ғана ол ұлынан бәрін тәтпіштеп сұрап алған.   

«Балам «маған осылай кіргізді, ешкімге айтпашы» деді. «Бұтымды шешіп, артқы жағымнан балалар осылай істеді» дейді. «Неге ол жаққа, қарай кірдің?» десем, «пышақпен қорқытты, сөйтті де, видеоға түсірді, осыдан айтсаң, сені пышақтап өлтіреміз» депті айтыпты балалар», — жәбірленушінің анасы.

ВИДЕОны көру үшін мына сілтемені басыңызhttps://www.ktk.kz/kz/news/video/2020/09/23/159399/

Жеті баланың анасы перзентін өткір затпен қорқытты дегенге сенеді. Себебі, өзі талай рет видеодағы жеткіншектің ауладағы балаларға пышақпен құқай көрсеткенін байқапты. Қазір бұл да күдіктілер тізімінде. Әзірге олардың ешбірі кінәсін мойындаған жоқ. Ал мектеп басшылығы істі жылы жабуға жанталасып жүрген сынды.

«Қанша сұрасаңдар, сонша береміз дейді. Дәрігерлерге сол ақшаға өздерің көрсетіңдер. Сөйтіп қойыңдар, ауылдың адамдары, талай нәрсе болып жатыр, кешіріп жатыр ғой. Өздерің түсініп тұрсыңдар ғой», — дейді әйел.

Шағымданушы тараптың айтуынша, ауызбастырық ұсынған мектеп директорының орынбасары екен. Директордың өзі де бұл мәселені ушықтырмай, мәмілеге келуге шақырыпты.  

«Өзің біл» деп айтты маған. «Бәрібір сенікі дұрыс болмай шығады, сен ештеңе істей алмайсың» дейді. «Дәлелдеген күнде де, балаларға бәрібір іс қозғай алмайсың» деді», — жәбірленушінің анасы.

Ал директор бұлай айтпадым дейді. Оның сөзінше, бұл жағдай екі көршінің араздығынан туындаған. «Екеуі жанжалдасып, біреуі екіншісіне жала жапты», — деп отыр. Себебі, жәбір көрді деген баланың бойынан зорлық белгілері байқалмапты.    

«Аудандық медбикелер бәрі келді ғой. Мектеп әкімшілігі жанында тұрдық. Біздікілер ашып көрді, ондай жәбірлену әрекеттері болмаған. Балалар жай ғана ойнаған. Екі ата-ана бір-бірімен ұрсысып қалған. Бір-біріне жасаған істері осындай дауға айналып жатыр», — Ақтоған орта мектебінің директоры Орындық Рысқұлова.

Қазір полицияға алты балаға қатысты арыз жазылған. Ал азғындық жасалды делінген ұлын анасы қалаға сараптамадан өткізуге алып келді.

«Биыл қыркүйек айында Т.Рысқұлов ауданында көршісінің баласы тарапынан кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық–зомбылық әрекеті қолданылғаны туралы полицияға жүгінген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды», — деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Көп балалы ана: «Ұлымды зорлап, таспаға түсіріп қорлағандарға кешірім жоқ» — дейді. Сондықтан кінәлілердің бала деп бетіне қарамай, қатаң жазаға тартқызатынын айтады. Алайда бұл істің ақ-қарасы сараптамадан кейін белгілі болады. 

[:]