АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Бүтін бір ауыл егіліп жылады»: Үндістанда тұрғындар өлген бұқа үшін 13 күн аза тұтқан [:]

[:kz]

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Курди ауылының тұрғындары өлген бұқа үшін 13 күн аза тұтты, деп жазады ЭК шетелдік басылымға сілтеме жасап. The Times of India таратқан ақпаратқа қарағанда, бұқа бұл ауылда 20 жыл өмір сүрген. Тұрғындар оны отбасының бір мүшесі деп есептеп келген.

Бұқа өлген соң, діни рәсімін жасап, дастархан жайып, 13 күн аза тұтқан. Үндістанда мұндай рәсімді отбасының үлкені қаза болғанда жасайды екен. «Жаназа кезінде адамдар егіліп жылады. Жануарды бәрі жақсы көрді», — дейді жергілікті діндар Нареш Пандит. Бұқа ешкімге тиесілі емес. Бірақ оған бүкіл ауыл болып оған қараған. Бұқа қартайып өлген. Оны бұзау кезінде ауылдың жанындағы қасиетті жерден тауып алғандықтан жергілікті тұрғындар құдайдың сыйы деп түсінген. Кейбірі оны ақ бұқа кейпінде суреттелінетін Нандин құдайы деп білген. 

Үнді халқының сиыр түлігіне деген сый-құрметі ерекше екені белгілі. Себебі оны мейірімділіктің, даналықтың, бейбітшіліктің символы ретінде танып, аналық қасиеттері көптеп кездеседі деп қабылдайды.

Үндістанда сиырдың қасиетті жануарға айналуы жөнінде бірнеше аңыз бар Үнді мифологиясына сүйенсек, қаза болғаннан кейін көкке жеткенше өзенді кешіп өту қажет.

Мұны тек қана сиырдың құйрығына жалғану арқылы жүзеге асыруға болады. Пуранда (ежелгі индуизм жазбасы) жазылған дерек бойынша, тәңір мұхитты жаратқанда, одан барлық арманды орындайтын Камдхен сиырын алған. Үнділер барлық сиырды Камдхен санайды, оларды да жақсылап бағып-қағып, қастерлесе, кез келген арманды орындауға қабілетті деп сенеді.

kaz.nur.kz

 

[:]