АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы көз жұмды[:]

[:ru]

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Достар, жазудың өзі қиын, бірақ Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның сүйікті әрі кенже ұлы Ілияс қайтыс болды… Бір өзі қаншама сыннан өтіп жатыр. Өмірдегі ең жаманы — жақындарыңды жоғалту, ал ол өз балаларың болса, оны қабылдау тіптен мүмкін емес… Иманды болсын, кішкентай періште… Мұндай жағдай болмас үшін, барлығымыз бір-бірімізге қарап, адамды қудалап, түрлі айла-амалдарды жасаудың қажеті жоқ», — деп жазды білім және ғылым вице-министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкен Facebook желісіндегі парақшасында. 

«Чаттан көрдім. Онда барлығы көңіл айтып жатыр. Бұл жағдайдың мән-жайын білмеймін, Эльмира Амангелдіқызының көмекшісіне, әпкесіне хабарласып жатырмын, бірақ телефонды ешкім алмай жатыр. Маған бұрынғы вице-министр хабарласып, осы хабарды чаттан сағат түнгі 11-де көргенін айтты. Ол кезде телефоным сөндірулі болатын, жаңа ғана көрдім. (…) Ең сүйікті ұлы еді», — деді Майраш Тайкенова. 

Оның айтуынша, Суханбердиеваның ұлы ешқандай аурумен ауырмаған. 

Эльмира Суханбердиева – көпбалалы ана, кенже ұлы Ілияс 2016 жылы дүниеге келген. Сондай-ақ, оның 26 және 17 жастағы қыздары және жеті жасар ұлы бар.

Айта кетейік, бұрын сотқа дейінгі тексеру барысында Эльмира Суханбердиеваға пара алды деген айып тағылған болатын. Бұрынғы вице-министрдің қорғаушысы Айгүл Әмренова осы жағдайға қатысты пікір білдірген еді. 

«Пара болған жоқ. Біз бұған дейін де келіспегенбіз, себебі бізге тағылып отырған айыптың негізі балаларға слетте берілуі тиіс болған екі iPhone болған. Бұл бастапқыда пара деп бағаланды. Содан кейін бұл бапты алып тастады», — деген еді Әмренова.

Еске салайық, 10 шілдеде бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Соттың шешімі бойынша, Суханбердиева жаза ретінде ақшалай айыппұл салынды. Сот оны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындаған еді. Эльмира Суханбердиева вице-министр қызметіне 2016 жылдың сәуірінде келген болатын.

 Stan.kz

[:kz]

[:]