15 сентября, 2019 Comments Off on Бұрын-сонды дүние жүзінде болмаған: Қазақстандықтар 10 мың литр қымыз дайындап әлемдік рекорд орнатты

Бұрын-сонды дүние жүзінде болмаған: Қазақстандықтар 10 мың литр қымыз дайындап әлемдік рекорд орнатты

Мың адам Гиннес рекордтар кітабына ену үшін 10 мың литр қымыз жасады. Рекорд орнату рәсімі Жанаарқын ауданының 90 жылдығына орай Қарағанды облысында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Қымызды әр рекорд орнатушы адам күбіде жасады. 15 биесі бар Целинный колхозының тұрғыны Гүнеш шараға қатысуды жөн көрді. 

"Қымызды араластыра беру керек. Сонда ол тәтті бола бастайды. Қымызды сапыртып араластырмай тұрып, сусын жасалатын ыдысқа қаймақ жағып шығады. Сосын оны жақсылап ашытады. Сол кезде қымыздың тәтті иісі шыға бастайды, ал ішіндегі қаймағы қараяды. Осыдан кейін күбіге ескі қымыз бен таза сүтті құяды. Жаңадан сүтті құйған сайын қымызды сапыртып араластыру керек. Кем дегенде 50 соққы жасау керек. Бірақ 100 немесе 200 рет ұрған дұрыс", — деді сусынды жылдар бойы жасап жүрген әйел.

Рекордты Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас тіркеді. Кубадан Қазақстандағы шара өтіп жатқан жерге жету үшін ол 18 сағат жұмсады.

"Мен осы рекордты орнату үшін Кубадан арнайы ұшып келдім. Ол сусынның көлеміне, оны жасайтын адамдардың, пайдаланылған ыдыстың санына қарай есептеледі. Бізде әртүрлі рекордтар көп, бірақ мұндай бірінші рет болып тұр. Біз барлығын тексердік, өлшедік. Бір айдың ішінде нәтижесі біздің сайтымызды жарияланатын болады", — деді." 

Мейрамнан кейін Диас қымыз ішіп, бауырсақ жеп көрді. "Қымыз маған қаттырақ ұнады. Оның қайталанбас дәмі бар", — деді ол журналистерге. 

Диастың сөзінше, бұл рекордтың талаптарына дайындалатын қымыздың көлемі және оны жасайтын адамдардың саны кірді. Аудан жетекшілеріне рекорд орнатылғаны жайлы диплом табысталды. 

Загрузка...

Комментирование закрыто.