АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бұлай болмайды, бұл жаман ырым деп айтатын бір адамның табылмағаны ма?[:]

[:kz]

Мынау 15 шағын аудандағы жағалау беттегі мүсіркеу мүсін. 

Баяғыда қарғысқа ұшырап қарабет болған адамды атқа немесе есекке теріс отырғызып елден аластататынын кітаптан оқып, естіп білуші едік. Мынаны жасаушылар қазақты түйеге теріс мінгізіпті. Бұл жаман ырым теріс пиғыл. 

Жалпы өлкеміздегі қазақтың тарихына, Адайдың тарихына жасалып отырған бұл мен білетін үшінші қиянат. «Адай Ата Отпан тау» мәдиенет кешеніндегі Адай Ата атауын алып тастау, Маңғыстаудың тарихи белгісі(логотипі) аттың үстінде садақ тартып отырған адам бейнесіндегі садақтың орнына ту ұстату енді келіп мына теріс ырым мүсін. Осы мүсіннің қасына жергілікті де қала қонақтары да, шет ел туристері де суретке түсіп жатыр. 

Сонда осы мүсінге тапсырыс берушілер мен жасаушылар жалпы осының басы-қасында жүрген жергілікті адамдардың ішінде бұлай болмайды бұл жаман ырым деп айтатын бір адамның табылмағаны ма??

 

 

Нұркамал Аязбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]