ҰҚК Ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіпті аңғармаған.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі лаңкестік әрекеттер бірнеше жылдан бері жоспарланғаны белгілі болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ. KZ.

«Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармағы деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл – бірнеше жыл бойы алдын ала ұйымдастырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық. Осы оқиғаға байланысты шындыққа жанаспайтын түрлі ақпараттар тарап кетті. Бізге керегі тек ақиқат қана. Сол себепті оқиғаларды мұқият зерттей отырып айтарым, жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол ҰҚК құзырлы орган ретінде Ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіпті аңғармағанын да атап өтті.

«Оның ішінде Жамбыл облысында болған тәртіпсіздіктер, ұлтаралық қақтығыс бойынша жүргізілген арандатушылар да кіреді. Біздің қоғамның біртұтастығын кәсіби ұйымдастырылған сценарий бойынша бұзу жүзеге асырылмақ болды. ҰҚК құзырлы орган ретінде бұл жұмысқа нақты баға бергісі келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіпті аңғармады. Шабуылды ұйымдастырушыларға тек себеп қана керек болды. Олар автогаздың қымбаттауына қатысты бейбіт шеруді қолданды. Жаңаөзен мен өзге облыстарда митингтер өтті. Кейін қылмыскерлер мен арандатушылар қосылды. Одан кейін шетелдік шабуылшылар мен лаңкестер қару алып қосылды», – деді Президент.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Рубрика: