АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бұл адаммен соңына дейін біргемін»: Бакиев Беларусьтен кетуге ниеті жоқ екенін жеткізді [:]

[:kz]

 

2010 жылы Қырғызстаннан қашқан бұрынғы президент Құрманбек Бакиев Беларусьтен кетіп қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Вечерний Бишкек» басылымы Құрманбек Бакиевтің Беларусьтен кетпегенін жазды. Ол бұл елден ешқайда кетуді жоспарламайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ экс-президент Александр Лукашенконың республикадан саяси баспана алуға көмектескенін айтып, оған алғысын білдірді. Сол себепті Бакиев бұрынғы әріптесін «қиын жағдайда» тастап кеткісі келмейтінін жеткізді.

«Қайталап айтамын, мен бұл адаммен соңына дейін бірге боламын», – деп келтірді экс-президенттің сөзіне Nazarnews порталы.

Еске сала кетсек, 2010 жылғы сәуір төңкерісінен соң Қырғызстанның бұрынғы басшысы Құрманбек Бакиев отбасымен бірге елден кетуге мәжбүр болды.

Александр Лукашенко оған Беларусьтен саяси баспана алуға көмектесті.

Қазіргі таңда Бакиев Минскіде тұрады. Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Кейіннен Беларусь президенті Александр Лукашенко бірнеше күн өткен наразылық акцияларына пікір білдірді. Ол елдегі ахуалдың апатты емес екенін айтып, жаппай шерулерді тоқтатуға шақырды

kaz.nur.kz

 

 

[:]