Алматыдағы «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде күзетшіні жаралап, кейіннен өзінің пәтеріне тығылып, 30 рет оқ жаудырған Руслан Исаев әбден қаруланыпты. Ресейдің Челябинск облысынан Қазақстанға бауырын жерлеуге келе жатқан оның туған ағасы інісінің өліміне «арнайы жасақ» кінәлі деп отыр.

КТК арнасының мәліметінше, төрт жыл бұрын көрші Ресейде оған өз әкесін ұрлады деген айып тағылған. Оның үстіне, өтінішті ер адамның бауырлары берген. Полиция тіпті іс қозғап, іздеу бастады. Бірақ кейін олар қылмыс құрамының болмауына байланысты істі жапты,

 

Пәтер иелері кооперативіндегілер Исаев сенбі күнгі атысқа алдын-ала дайындалды деп ойлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі31 арнаға сілтеме жасап.

Ал тұрғындар, дауға ПИК-тегілердің өздері жазықты деп санайды.

Атыс болған «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінің 17-қабатында айнада, қабырғада, төбеде де оқ іздері анық бар. Ал Руслан Исаевтың өзінің тұрып келген пәтерінің есігі әу баста ағаштан болған екен. Темір есікті атыстан кейін қойды дейді пәтер иелері кооперативі. Ал ағаштан жасалған есікте ойық тесік болған.

“Оның күртешесінің алдында пышақтар да болды. Сол күні әскери киіммен жүрді. Атысқа алдын-ала дайындалған сияқты”, – деді тұрғын үй кешенінің консерьжі Валентина Лоборева.

Руслан Исаев жиһаз жасаумен, пәтерлерін жалға берумен айналысқан. Үш ай бойы үйдің кіреберісінде тұрған ескі дивандарды сыртқа шығарып тастаған күзетшіден ПИК-тің бұл әрекетін түсіндіруді талап етуге барған дейді тұрғындар. Күзетшіден жауап ала алмағандықтан, ПИК-тің басшысын шақырмақ болып, күзетшінің аяғынан атып, рацияны тартып алған. 

“Бұрынан дөрекі мінезбен, ауыр мінезбен байқалатын. Бірнеше жыл бұрын отбасы да мінезін көтере алмай ажырасып кетіп қалған екен. Ол плакаттарды бір апта бұрын іле бастапты. Көршілер чатында да дауласа берген”, – деді тұрғын Гүлбағира Кертаева.

“Қарама-қарсы терезеден арнайы жасақтың сарбаздары оған да оқ жаудырған. Ол теңселіп барып, құлап түседі. Егер, өзіне-өзі қол жұмсағысы келсе, қолындағы қаруымен бірге секіріп несі бар?”, – деді Саид Исаев.

Саид Исаев, бауырының психикалық ауытқуы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өйткені, 2017 жылы Махачкала қаласында төсекке таңылып жатқан науқас әкесін ешкімге ескертпестен Избербаш шаһарына алып кеткен екен. Исаевтың 3 қызы мен бір ұлы шешелерімен бірге 5 жылдан бері Шешенстанға көшіп кетіпті. Әу баста, Мәскеуде тұрған ол Алматыға 12 жыл бұрын қоныс аударған. Ал ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагері алты сағат бойы қару кезенген азаматпен ортақ мәмілеге келе алмаған полицияның бұл әрекеті олардың мүлдем дайындығы жоқ екенін білдіреді дейді.

“Мен Абу Сұлтанмын. Маған еріңдер. Сатана биліктен кетіңдер. Менің артыма еріңдер деген сықылды. Өзінің террорист екенін де сол плакатымен көрсетіп отыр. Ал жарған жағдайда не болады? Сонда барлық тұрғын өлу керек пе сонда?”, – деді ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагері Жанділдә Жақыпов.

Руслан Исаевтың ағасы болса, Шешенстанда оның ешқандай террорлық әрекетке қатысы болмағанын айтады. Дәрігерлер тізесіне оқ тиген күзетшінің жағдайы бірқалыпты дейді.

Рубрика: