13 сентября, 2019 Comments Off on Божконың Ғабидулладан несі артық?

Божконың Ғабидулладан несі артық?

Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир БОЖКОҒА деген сенім лимиті неге таусылмайды? Шымкенттің экс-әкімі Ғабидулла АБДРАХИМОВ Лондоннан түсірген видеосы үшін бірден қызметтен кетті. Әділдік қайда?  Бұл туралы Қазақстан президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл ОРЫНБЕК facebook.com әлеуметтік желісінде жазды.

«Ғабидулла Абдрахимов мотивациялық видео жіберіп халықты жігірлендіргені үшін, биліктің кредиттік сенімі таусылған еді...Ал Божко халықты биліктің алдында тізерлеткісі келгені үшін, биліктің алдында абырой жинаған сияқты. Божко халықтың ашуына тиіп, халықтың сенімінен шықсада орнынан кетер емес! Өз қазағымызды төмпештеп, құртуға ұстамыз , ал Божкоға келгенде әлсіз, сорлы екенімізді көрсеттік. Әділдік қайда ал?», - деп жазды А. Орынбек.

2019 жылдың 3 қыркүйек күні Владимир Божко Қазақстан халқы ассамблеясының отырысынан кейін отандық интернет-басылымдарының біріне сұхбат берген. Сол жерде қоғамның наразылығын тудырған сөзін айтқан.

«Биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіну керек. Үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен. Осыдан-ақ түсінуге болады. Осы үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек. Адам жұмыс істемейді, кейін "бұған бәрін бер" деп шыға келеді. Ондай адамды "стойлоға" (мал қорадағы орын - ред.) қоятын қоғам пікірі болу керек» деген-ді.

Коллаж: zhasalash.kz

Жас Алаш

Загрузка...

Комментирование закрыто.