АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бөтен біреулерге қандай жеке заттарды беруге болмайтынын білесіз бе?[:]

[:kz]

Әйел адамдардың басым бөлігі «киетін ештеңе жоқ» дегенімен, сөрелері киімге толып тұрады. Ал оларды ақтарғанда ескі немесе енді қолданылмайтын заттар табылып жатады. Мұндай жағдайда көбі мүлкін басқаларға беріп, мәселесін шешпек болады. Алайда өз дүниеңді басқаларға беруге болмайтын кездерде де болады деп жазады woman.rambler.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

 

Кейбір ырымдарға сенсек, киімдер мен кей жеке заттарды басқаларға беруге тыйым салынады. Себебі олар бұрынғы иесінің қуатын сақтап қалады. Ондай киімдердің қолдан қолға өтуі не нәрсеге әкеп соғатынын ешкім дөп басып айта алмайды.

Бұл нанымға сену немесе сенбеу — әркімнің жеке шаруасы. Алайда нақты қандай затты бөтен адамдарға беруге болмайтынын біліп жүру артық етпес.

Мына заттарды бөтен адамдарға бермеңіз:

Көкірек қуысымен жанасқан заттар (үстіге киетін топ, майкалар)

Шаш пен баста тұрған әшекейлер (қыстырғыштар, резеңкелер, тарақ, бас киім, орамал)

Төсек орын жабдығы

Сөмке мен әмиян (олар сіздің қаржылық жағдайыңызға жауап береді деген сенім бар)

Айналар (наным бойынша, олар сұлулық пен денсаулықты өзіне тартып ала алады)

Аяқ киім (бөтен біреудің аяқ киімін кию адамның қуатын өзгертеді деген ұғым бар)

 

[:]