АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Боратты «Дикий Арманнан» бұрын Данияр «жазалады»![:]

[:kz]

Қазақстандық әзілкеш Данияр Жұмаділов «Дикий Арманның» мәлімдемесіне орай пародия түсіріп, әлеуметтік желіде таратты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевтің инстаграмдағы парақшасында жарияланған Боратқа қатысты жазбасы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Мұны байқаған «Спарта» КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов елді қырна-топан күлкіге қалдырған видео түсіріп таратты.

Арман Жұмагелдиевтің инстаграмдағы парақшасында былай деп жазған:

«Ассалямуалейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін».

[:]