АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бойында тылсым қасиеті бар Бейненің айтқандары ақиқатқа айнала ма?[:]

[:kz]

Күні кеше редакциямызға Түркістан облысы, Төлеби ауданының тұрғыны Ералхан Жылқыайдарұлы келген болатын. Бұл кісі – бойында тылсым қасиет бар деп айтылып жүрген Бейне Қаржаубаеваның әкесі. 

Бейне 2006 жылы: «Кезекті Президент сайлауында Дариға Назарбаева пре­зиденттікке үміткер болып тіркеліп, басым дауыспен жеңіп шығады. Сөйтіп, еліміздің келесі басшысы Дариға Назарбаева болады», – деген болжам жасаған екен. Сол кезде ол бірқатар газеттерде жарияланған. 

«Мен бұл болжамдардың бәрін ойым­нан шығарып айтып отырған жоқпын. Жоғарыда айтқанымдай, кейде ұйықтап жатқанда, кейде тіпті күндіз-ақ менің көз алдымда бір сәт теледидар экраны секілді аппақ төртбұрышты елес пайда болады да, содан алда не болатыны, ертеңгі күні кімді не күтіп тұрғаны туралы айтылған дауыстар естіледі. Бір сәтке ғана пайда болатын осындай көрінісітен көп мағлұмат алып үлгеремін», – деп түсіндіріпті ол сол кезде. 

Ералхан ата қызының сол уақыттағы айтқандарының расқа айналуы әбден мүмкін екендігін жеткізді. Ол кісінің редакциямызға арнайы келуінің де себебі осында екен. Бейненің сол болжамы жазылған «Тылсым дүние» газетінің 2006-жылғы нөмірін ол кісі бүгінге дейін сақтап келіпті. Соны бізге көрсетіп тұрып, осы туралы жазуымызды өтінді. 

Сондай-ақ ол кісі Бейненің сол кез­дегі: «10-15 жыл шамасында біздің галактикадан басқа тағы бір тіршілік әлемі табылады. Аспан әлемінің басқа бір шетінде кәдімгідей тіршілік нышаны бар осынау галактиканы табатындар да, келешекте соған баратындар да жапондықтар болады» деген болжамы да 2-3 жылдың көлемінде дөп келуі мүмкін екен­дігін айтады. 

Сонымен қатар, ол кісі Бейненің қабілетін о дүниелік болған адамның рухымен сөйлесе алатындығында деп түсіндірді. Дәлелі ретінде бізге Бейненің өзін-өзі түсірген суретін көрсетті. Бұл фотода оның иық тұсынан қарап тұрған адамның бет сұлбасы анық байқалады. 

 

«Бұл ешқандай да жасанды сурет емес. Имамдарға апарып көрсетсем, олар мұны жын деп айтады. Шындығында бұл тұрған – әруақ. Қызыма келген адамдар өзінің мәселесін, дертінің дауасын сұрап, оны қағаз бетіне түсіреді. Содан соң Бейне о дүниелік болған адамдардың рухын шақырып, әлгі сұрақтарға жауап алады. Қайтыс болған кем­пірімнің әруағының келіп-кеткенін де сезіп отырады, оның айтқандарын бізге жеткізеді», – дейді Ералхан ата. 

…Қысқасы, төлебилік Бейне Қаржаубаева осындай болжам жасаған екен. Анығы қандай боларын бір Құдай біледі ғой. 

 

М. БИБОЛ.

 

www.zamana.kz

[:]