АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Бізге сыртқы саясатта уақыт ұту керек! Назарбаев. Путин. Ельцин.[:kz]Бізге сыртқы саясатта уақыт ұту керек! Назарбаев. Путин. Ельцин.[:]

[:ru]

Әлгінде украин саясатшыларының бір бағдарламадағы дискуссиясын қарап отырмын. Украинаның бұрынғы президенті Л. Кравчук Владимир Зеленскийдің бір жылы туралы былай деді: «Егер мен қазіргі уақытта президент болсам, дәл Зеленскийдің жасағанын жасар едім». Ал Гүржістанның экс-президенті Михо Саакашвили: «Мен Порошенконы қанша жек көрсем де, оның сыртқы саясатын ешқашан сынаған емеспін. Елдің өз ішінде дискуссия бола береді. Ал сыртқы саясатта, әсіресе, Путинмен бетпе-бет кездесулерде біз өз ішіміздегі тартысты емес, жалпы елдік позицияны көрсетуіміз керек. Сонда, Путин де оған біртұтас ұлттың өкілі келіп отырғанын сезеді», — дейді. Жә, бұл туралы бірнеше абзацтан соң жазамын.

Алдымда «Тәуелсіздік дәуірі» деген дәу кітап жатыр. 2017 жылы шыққан. Авторы – Нұрсұлтан Назарбаев. Онда 1991-2017 жылдарда Нұрсұлтан Назарбаев басшылығындағы Тәуелсіз Қазақстан жеткен басты нәтижелер деп әйдік тізім жасалыпты. Саны тұп-тура 33! Соның алғашқы 5 пункті:

1. Қазақстан әлем қауымдастығы мойындаған реформалар мен ғаламдық бастамалар көшбасшысы, бірқатар халықаралық беделді ұйымдарға жетекшілік жасаған заманауи қуатты мемлекетке айналды.

2. Қазақстан өзінің ұлттық тарихында тұңғыш рет халықаралық дәрежеде мойындалған нақты шекараға ие болды. Соның нәтижесінде барлық шекаралық дау-дамайлар қаупіне тосқауыл қойылды.

3. Мемлекет құрушы ұлтқа қатысты тарихи әділеттік қалпына келді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды. Қазақ мектептерінің саны қарқынды өсуде. Қазақтар ел халқының көпшілігіне айналды.

4. Қазақстан тек қазақтардың ғана емес, 140 этнос пен 17 конфессия өкілінің ортақ шаңырағына айналды. Н.Назарбаевтың бастамасымен ғаламдық дінаралық сұхбаттастықтың алаңына айналды. Ұлттар арасында татулық пен тұрақтылықты орнатты. Терроризмге бюерік қалқан орнатты.

5. Қазақстан ядролық сынақ алаңын жапқан әлемдегі бірінші ел болды. Сол арқылы ұлт генофонына төнген қауіпке тосқауыл қойды.

Жаңағы кітапта Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин туралы былай дейді: «2001 жылғы Путин мен қазіргі (2017 жылғы) Путин деңгейі жағынан саясаткер ретінде екі басқа адам. Әрине, биік лауазым мен үлкен оқиғаларадам үшін үлкен мектеп. Алайда, одан кім қандай қорытынды шығаратыны – мәселе осында».

Ал Путинді 2000 жылы президенттіктен кетіп бара жатқанда «мұрагер» ретінде таныстырған Борис Ельцин екенін мен айтпасам да білесіздер. Сол Ельцин туралы: «Борис Николаевичпен қарым-қатынаста хаттамалық дипломатияның қажеті болған жоқ. Егер ол сенсе, соңына дейін сенетін. Егер сенбесе, мұнан кейінгі әңгімеден түк шықпайтын», — дейді.

Мен неге Нұрсұлтан Назарбаевтың дәл осы Ресей басшылары, оның ішінде Путин жайлы сөзін мысал етіп отырмын. Күні кеше ғана Путин «нөлге түсті». Дәлірек айтсақ, президенттік карьерасын нөлдеп алды. Енді Путин 2036 жылға дейін президент болып сайлана алады. Дәлірек айтсақ, сайланады! Өзгеріс оған тағы 6 жылдан 2 рет сайлануға жол ашты. Қысқасы, Путиннің президенттігін «өле-өлгенше» қорғайтын тармақтарды айтпағанда, баса көңіл аударатын мына бір өзгеріс: «РФ өз жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қатаң күзетеді» деген бұрынғы бапқа: «өзге мемлекеттермен делимитация, демаркация, редемаркацияны қоспағанда», дегенді қосқан. Бұл дегеніңіз не? Бұл – болашақта Ресей билігі жер дауын заңдастырып шешпек деген сөз. Өткенде, Путин Совет одағы ыдырағанда «одақтастар орыстың жерін алып кетті», — дегенді тектен тек айтты дейсіз бе?..

Рас, Қазақстан мен Ресей арасында шекара делимитациясы, демаркациясы жасалған. Оған орыспен бірге бірнеше одақта отырғанымызды қосыңыз. Бізге қауіп не дерсіз…

Путин өзінің 20 жылдық билігінде Гүржіні шапты. Осетия мен Абхазияны алды. Украиннен Қырымды алды. Донбас пен Луганскіде және соғысып жатыр. Сүрия майданы тағы бар.

Украинадан Қырымды аннекциялағанда территория тұтастығын бұзбау туралы 1994 жылғы Будапешт келісіміне қарап жатты ма? Жоқ! Ендеше сақтық керек! Асхат Қасенғали осы ФБ-да: «Біз дереу солтүстікті қолға алып, қазақты көптеп қоныстандырып, Ресеймен дос кейпін ұстанып, бетіне өтірік күліп, іштегі орысқұлдарды да назардан тыс қалдырмай, барынша бейбіт уақытты созуға тиіспіз. Қарулы күштердің, экономиканың мығымдығын арттыру шарт», — деп жазыпты. Сөзінің жаны бар.

Рас, Қазақстан Ресейді соғысып жеңе алмайды. Мойындаңыз! Соғыстың керегі де жоқ! Ендеше тең дәрежеде саясат жүргізу керек! Көрші-қолаңмен тату саясат ұстану, ұпай түгендеу өте маңызды. Әсіре сезіммен: «айттым бітті, кестім үзілді» дейтін жағдайда емеспіз! Осы тұрғыдан: Н.Назарбаевтың көпвекторлық саясат дегені әдемі метод! Келісу, келіспеу өз еркіңізде! Жоғарыдағы Михо Саакашвили айтқандай, ел ішіндегі пікір-талас, дискуссия өз алдына, ал сыртқы саясатта біріңғай ұлттық позиция керек! Айтпағым, осы.

[:kz]

[:]