28 сентября, 2019 Comments Off on «Бізге сыйлық қажет емес»: ұстаздар мереке қарсаңында жаңа челлендж бастады

«Бізге сыйлық қажет емес»: ұстаздар мереке қарсаңында жаңа челлендж бастады

 

«Бізге сыйлық қажет емес»: ұстаздар мереке қарсаңында жаңа челлендж бастады

Дінислам Болатханұлы қазір Екібастұздағы әріптесі, № 17 мектептің математика және информатика пәнінің мұғалімі Бауыржан Сырымбетовтің қорқынышты аурумен күресіп жатқандығын жазады.

Facebook әлеуметтік желісінде Дінислам Болатханұлы есімді азамат ата-аналар қауымынан мұғалімдерге сыйлық сыйламауды өтінді, деп хабарлайды OINET.KZ.

«Менің кейбір әріптестерім, мұғалімдер қауымы «бізге сыйлық қажет емес» челендж басталды. Біз шын мәнінде сіздің сыйлықтарыңызды қажет етпейміз. Оның үстіне, егер бұл сыйлықтар басқа белсенді ата-аналардың қысымымен жасалса. Біздің мерекеміздің шырқын бұзбаңыздар...», - деп жазады Дінислам есімді азамат.

Дінислам Болатханұлы қазір Екібастұздағы әріптесі, № 17 мектептің математика және информатика пәнінің мұғалімі Бауыржан Сырымбетовтің қорқынышты аурумен күресіп жатқандығын жазады. Оған ота жасау үшін шынымен де елдің көмегі керек екен.

«Ол қараңғы соқыр болып қалуы мүмкін. Көп уақытын ұстаздыққа арнап, 4 бала өсіріп отырған бір үйдің отағасы, міне бір жыл болды, өзіне жабысқан ауыр дертпен күресіп келеді. Өкінішке қарай, дерт тез дендеп, жас жігіттің өміріне балта шабылуда.

Бауыржан Маратұлына бірнеше ота жасалды. Жұбайы отандық дәрігерлердің күрделі болғандықтан кезекті отаны жасаудан бас тартқанын айтады. Мәскеудегі СПЕКТР офтальмологиялық клиникасының мамандары Бауыржан Маратұлына диагноз қойып, ота жасауға құлық танытыпты. Төрт баласын жалғыз асырап отырған ана ол отаның сомасына шамасы жетпейтінін айтады. Ота құны 580 000 рубль екен. Ота шұғыл қажет! Дәрігерлер, егер көз жанарындағы тор толықтай ыдырап кетсе, бәрі кеш болатынын айтады ...», - деп жазды Дінислам Болатханұлы. 

 OINET.KZ.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.