АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бізге айтпай кетті»: Аяжан Еділованы соңғы рет көрген құрбылары не дейді[:]

[:kz]

 

Алматыда жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан Аяжан Еділоваға қатысты жаңа деректер пайда болды. Марқұмның құрбылары мен бірге оқыған курстастары мән-жайды айтып берді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысында өмірге келген Аяжан Еділова 2017 жылы сән академиясына оқуға түсіп, осы жылы қаңтардың соңына дейін білім ордасының жатақханасында тұрып келген. Дизайн және технология мамандығына түскен студент мамандығы бойынша киім дизайнымен әуестеніп, жұмысын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына салып отырған. Сонымен қатар, мегапоистегі сән салонның бірінде қосымша жұмыс істеп, маникюр және педикюр жасаған.

  Ол 11 ақпанда қаладағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жатақханасына көшіп келген. Соңғы бір айда осы жерде Мөлдір есімді қызбен бір бөлмені жалдап тұрған. Университет әкімшілігіне айына 20 мың теңге төлеуге келіскен. Марқұмның бөлмелес көршісі оның 19 наурыз күні әдеттегідей жұмысқа кеткенін жеткізді.

Ал Аяжанмен бірге 1 курстан бері бірге оқыған Баян Балтабай есімді ару осы жатақханада тұратын болып шықты. Ол қазір сабақ онлайн режимде болғандықтан, сирек кездескенін мойындады. Аяжанды құрбысы соңғы рет 10 наурызда көргенін есіне түсірді. Бөлмелерінде бірге тамақ жасап ішіп, өзара әңгімелесіп тарқасқанын айтады.  

«Ол қатты жұмысбасты болды. Оның «Аяла» деген киім линиясы болды. Оны Instagram желісінде жарнамалап жүрді. Одан бөлек, тырнақ әрлеп ақша тауып жүрді. Өз киімін өзі алатын, әке-шешесінен артық ақша сұрамайтын. «Өз мақсатыма өзім жетемін»»деп жүрген қыз еді. Біз осы жақтан орын табылған соң (жатақханаға) көшіп келдік. Ол да жақында осында келіп тұра бастады», — дейді Баян Балтабай.

Аяжанның түрік тілін үйреткен ұстазы Әйгерім Үсенованың сөзінше, марқұм айналасындағылармен тез тіл табысатын ашық-жарқын қыз болған.

Ол Аяжанмен кір жуатын бөлмеде танысып қалып, оған шет тілін үйретуге келісім берген. Медицина унисерситетінің жатақханасында тұратын мұғалім Аяжанға түрік тілін үйрету үшін 14 наурызда бөлмесінде кездескен. Сол күні өмірлік жоспары туралы айтып, алдағы жексенбіде келесі сабаққа келуге уәде берген. Басылым мәліметінше, кеше әлеуметтік желіде өрімдей қызды айуандықпен өлтірді деп айыпталған күдіктінің аты-жөні мен фотосуреті тарады. Ол 1993 жылы 11 сәуірде Түркістан облысында туған. Аяжан Еділова онымен Badoo деп аталатын сайтта танысып, 16 наурыз бен 19 наурыз арасында сөйлескен деген ақпарат бар. Нұркент шағынауданы 5-ші үй 6-шы корпуста тұратын бейтаныс адаммен қандай мақсатта кездесуге барғаны туралы тергеу құпиялығына байланысты айтылмауда. Оның нақты себебі сот барысында белгілі болмақ, дейді басылым тілшісі.   

Сонымен қатар, өзін Олжас деп таныстарған көршісі күдіктіні сирек көретінін жеткізді. Күдікті 2011 жылы мектеп бітірген соң, Алматыдағы медициналық оқу орнына түскен. Көп ұзамай Шымкенттегі білім ордасына ауысып, үлгерімі нашар болғаны үшін оқудан шығарылған. Ол 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Алматыда алкоголь өнімдері мен сусындар сататын компанияда аудитор болып жұмыс істеген. Ал қылмыс жасалған пәтер оның ағасына тиеселі болып шықты. Көршілерінің сөзінше, оның ағасы қазір отбасымен бірге Бельгияда тұрады. Бұл пәтерді мемлекеттік бағдарламамен сатып алған. Күдікті өткен жылдың басынан бері, яғни карантин күшейтілгеннен бері осы пәтерде жалғыз тұрып келген. 

Автор: Сәке Қанатұлы

kaz.nur.kz

 

[:]