АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Біздің мереке емес!»: Айдана Меденова 3 жасар ұлына ұрсып тастады[:]

[:kz]

Танымал әнші, сылқым бикеш Айдана Меденова Хэллоуиннің біздің мереке емес екендігін баласына түсіндіріп тұрған видеосы инстаграмда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіге жүктеген видеоның астына: «Біздің отбасымызда мұндай мереке жоқ», — деп жазды Меденова.

Ролик санаулы сағаттардың ішінде 200 мыңнан астам қаралым мен мыңнан аса пікір жинап үлгерген.

 

Оқырмандардың көпшілігі әншіге қолдау көрсеткенмен, балаларымен орыс тілінде сөйлескені үшін Меденованы айыптағандар да болды.

«Бұл біздің мереке емес, оны тойлайтын адамдарға таңданамын», «Жарайсың, Айдана! Балаларды дұрыс тәрбиелейсіз», «Неге бөтен тілде сөйлейсіз? Сіздің тіліңіз емес», «Дұрыс айтсың», «Хайп үшін неге бармайды бұлар, видео әдей түсірілген», «Жаңа жылды қалай жеңе аламыз?», «Мұны қазақ тілінде айтыңыз, балаларды үйретіңіз», — деп желі қолданушылары пікір қалдыған. 

[:]