12 февраля, 2020 Comments Off on “Бізде жалған патриоттар көп”: Баян Алагөзова Қордайдағы қақтығыс туралы

“Бізде жалған патриоттар көп”: Баян Алагөзова Қордайдағы қақтығыс туралы

Баян Алагөзова Жамбыл облысында болған қазақ пен дүнгендердің қақтығысына қатысты пікір білдірді. Продюсер жаман ұлт жоқ екенін айтып, елге басу айтты. 

Бәріміз үшін ең ыңғайлы әдіс - үндемей қалу. Ол бізден алыс. Бұл біз жайлы болғанымен, біз онда болған жоқпыз. Бұрын да болған, қазір де, болашақта да солай. Біздің қазіргі қасиетіміз - қатаңдық, жеккөрушілік, шыдамсыздық, тіпті басқа ұлтқа деген, бір-бірімізге деген жеккөрушілік. 10 адам өлді. Олар жол апатынан қайтыс болған жоқ. Олар бесінші қабаттан құлаған жоқ. Оларды өлтіріп, үйін өртеп жіберді. Қазір ұлтаралық араздықты кім қоздырды дегенді ешкім анық айта алмайды. Бұған дейін біздің санамызға еліміз ең толерантты, мемлекет деп сіңіріп келді. Бұл мүлде ақылға сыймайды. Біз жек көреміз, шыдай алмаймыз, ыңғайы келсе, ұрсуға, шаңырақтың иесі кім екенін айтуға дайын тұрамыз. Абай шындықты айтқан емес пе? Одан бері ешнәрсе өзгерген жоқ.

Үндістер, қытайлар, дүнгендер, армян, түріктер, келесісі кім? Біз адамзат құндылығы, мейірім, ар, абырой дегенде баяғыда ұмытқанбыз. Кеудемізді соғып патриотпыз дейміз.

Патриот - өз отанын сүйетін адам. Өзгелерді жек көретін емес. Бүгінде өзінің аумағынан өтіп кеткені үшін өзгелерді өлтіре беретін жалған патриоттар көп. Бұл сұмдық. Бұнымен айтпағым, жаман халық болмайды. Жаман адам болады. Оларда ұлт, құдайға деген сенім болмайды", - деп жазды продюсер парақшасында.

Еске салсақ, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болды. 

https://stan.kz/bizde-zhalgan-patriottar-kop-bayan-alagozova-kordaydagi-327165/

Загрузка...

Комментирование закрыто.