АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Біз Төреғали Төрәліге алдандық»: Айгүл Орынбек көпшіліктің өзінен көмек сұрағанын айтты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек көпшіліктің белгілі әнші Төреғали Төрәліге алдандық деп, өзінен көмек сұрағанын айтып, әншілерді алаяқ деп айыптады. Бұл туралы ол өзінің Instagram–парақшасында жазған.

«Әншілер әнін айтып жүрсе болады ғой. Экранды былғағаны аздай енді халықты интернет арқылы алдап, алаяқтық жасап отырған көрінеді. «Айгүл ханым көмек беріңізші, біз Төреғали Төрәліге алдандық»- деп көмек сұрап жатқан адамдардың санында шек жоқ!»,-деп жазды ол.

Бұған дейін желіде Төреғали Төрәлінің әлдебір ұтыс жайлы айтып, халықты бағалы сыйлықтар мен 1 миллион теңге ұтып алуға шақырғаны туралы бейнежазба таралған еді.

«Меруерт Түсіпбаева әпкем арқылы Төреғалидің өзіне халықтың жан айқайын жеткізуге тырыстым, алайда ол жігіттен жауап болмады. Нұрділдә Ораз мырза, ҚР ІІМ интернет алаяқтарын тоқтатын уақыты келді. Басқа алаяқтарымыз аздай, енді ел алдында жүрген жұлдыздар алаяқтық жасап жатыр. Қоғам белсенділері болып, біз бұның алдын алуымыз керек!, — деп заңгер заңды белшесінен басып жүргендерге шара қолдануға шақырды. 

 

 

 
sn.kz
 

 

 

 

 

 

 

 

[:]