Біртанов ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде оны қолдау акциялары өтті. Қолданушылар биліктен оны босатуды сұраған.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты экс-шенеуніктің денсаулығының нашарлағаны жайлы айтқан болатын. Біртанов сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген айыппен бес айға жуық үйде қамауда отыр.

Бүгін әлеуметтік желіге Елжан Біртанов адам танымастай болып өзгеріп кеткен суреті жарияланды.

Былтыр қарашада Біртановтың «ірі көлемде қаржы жымқыру» күдігі бойынша ұсталғаны белгілі болған. Сол кезде бірқатар жергілікті БАҚ экс-министрдің цифрландыруға бөлінген 526 миллион теңге көлемінде (1,2 миллион доллар) қаражатты «иемденді» деп айыпталғанын жазды.

Біртанов ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде оны қолдау акциялары өтті. Қолданушылар биліктен оны босатуды сұраған.

Бұған дейін адвокаты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, экс-министрдің «заңсыз қудалануын» бақылауына алуды өтінген.

Рубрика: