Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан экс-министр Елжан Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне қайтадан жұмысқа алу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тікелей эфир барысында журналистер Алексей Цойға Біртановқа қатысты сұрақ қойды. Сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген. 

“Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?” – деп сұрады министрден журналистер. 

“Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді”, – деп жауап берді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде Алексей Цойға коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы егілді.

Рубрика: