АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бірге жүр»: Аша Матай мен Арман Қоңырбаев елге «ұсталып қалды» (видео) [:]

[:kz]

 

 

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Аша Матай мен Арман Қоңырбаев тағы да ел аузында. Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы бүгінде әлі де қызу талқыланып жатыр. Қос әртіс шын мәнінде ажырасқан ба? Әлде бұл елді қызықтырудың кезекті амалы ма? Бұл сұрақтардың жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Күллі Қазақстан бойынша талқыға қалған жұлдызы жұп Алматыда бірге жүрген жерінен көзге түсіп қалды. Қос әртісті сауда орталығында көріп қалған желі қолданушысы бірден оларды видеоға түсіріп алып, оны «Paparazzi» бағдарламасына жолдаған. Бейнежазбадан қос әншінің әңгімелесіп тұрғанын байқауға болады. Видео авторы Аша мен Арманның бірге жүргенін айтты. Аталған бағдарламаға жүгінген көрермен ерлі-зайыптыларға хайп жетіспей жүргенін алға тартқан. Оның пайымдауынша, жұлдыздар арақатынасы жайлы әдейі ешкімге тіс жармай, барынша ел қызығушылығын тудыруда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @qaz.stars

«Paparazzi» жобасының өкілдері өздеріне келіп түскен видеоның мән-жайын білу үшін Аша Матай мен Арман Қоңырға да хабарласқан. Алайда, қос өнерпазбен де байланыс орната алмаған. Қос жұлдызға қатысты сюжеттің үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырдың ара-қатынасы жұртты алаңдатып қойды. Белгілі тележүргізуші мұндай қауесеттер пайда болғалы желіде екі ойлы жазбалар жариялап жүр. Алайда, араға біраз уақыт тастап, Аша Матай ақыр-соңы жолдасымен ажырасқанына қатысты қауесеттерге жауап берді.

Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы екінші қызы Айымның қырқынан шығару рәсімінен кейін қызу талқыға түскен. Аталмыш шара Ашаның төркінінде өтіп, онда Арманның анасы мен әпкесі келмеген болып шықты.

kaz.nur.kz

 

[:]