Боксшы Қанат Ислам сегіз баласы бар жалғызбасты ана Гүлшат Баяділоваға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ел-Несібе” қайырымдылық қорына сілтеме жасап.

Боксшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 5 шілдеде өткен «Қанат Исламмен бокс кеші» іс-шара барысында жиналған қаражаттың бір бөлігіне пәтер сатып алуға ниет білдірді. Пәтер Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында, оң жағалауда орналасқан. Балабақша мен мектепке жақын жерден таңдалды. Сонымен қатар, пәтер қажетті құрылғылармен және жиһаздармен толық қамтамасыз етілген.

Гүлшат Баядилова, жалғызбасты ана, «Күміс алқа» сыйлығының иегері, сегіз бала дүниеге әкелген. Оның тұңғышының өз жанұясы бар, екінші баласы белгісіз дертпен ауырады. Ақшасы болмағандықтан, уақытылы медициналық көмек көрсете алмай, дәл диагноз қойылмаған. Үшінші бала колледж студенті, қалған бесеуі мектепке барады.

Бұрын отбасы жеке үйдің кішкентай бөлмесінде тұрып келді. Жалға алынған баспана үшін ақы төлейтінақшасы болмағандықтан Гүлшат Баяділова қыста коттедж пешін жағып, ал жазда ол үйді тазартып, үйде тұруға мүмкіндік алған. Осы уақытқа дейін барлық отбасы мүшелері еденде ұйықтауға мәжбүр болды.

Еріктілер отбасыға тоңазытқыш, төсек, диван және газ плитасын сыйға тартты.

Рубрика: