АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Біреу балаға зар, біреу далаға зар»: Алматыда 6 баланың анасы жеңіл жүріске салынып жүр[:]

[:kz]

«Азғындық қазақ қоғамын коронавирустан бетер жалмап барады. Осыған дейін Динар, Алмагүл, Роза, енді Гүлзат. Қазақ әйелдеріне не болған?» — дейді Гүлмира Әбіқай.

Журналист Гүлмира Әбіқай facebook парақшасына түркістандық Гүлзат есімді көпбалалы ананың 2 айдан бері үйіне бармай, Алматыда әлдебір әйелдермен ішімдік ішіп, темекі шегіп отырған «сайран күндерін» жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазбасына «6 бала, қашқын ана» деп тақырып қойған әріптесіміз: «Азғындық қазақ қоғамын коронавирустан бетер жалмап барады. Осыған дейін Динар, Алмагүл, Роза, енді Гүлзат. Қазақ әйелдеріне не болған? Баланың алды 11-де, кішісі 1-ге кеше толды. Әкесі 12 күннен бері Алматыны жағалап, әйелін іздеп жүр. Көмектеспейін десең, балаларға обал. 11 жасар үйдің үлкені 5 балаға қарап отыр» деп жазды.

Бауырларына қамқор болып отырған сол үлкен қызы видеода: «Анашым, екі айдан бері қайда жүрсіз? Біз сізді сағынып кеттік. Үйге қайтыңызшы!» — деп жалынуда. Ортаншы ұлы да сағынышын жеткізген. Сондай-ақ, естияр қыз Гүлмира Әбіқайға хабарласқан екен.

«Гүлмира әпше, кішкентай сіңілім кеше ауырып қалды, не істерімді білмедім. Әкеме көмектесіңізші анамды табуға, осы дерттен құтылуға», — деп балалар видео жібергенде, жүрегім зырқ етті. Құдай-ау, Бәйдібек ауданы (Түркістан обл.) қаймағы бұзылмаған қазақы мекен емес пе еді? Ауылдастар қайда? Ағайын қайда? Қараусыз қалған балаларға пана болар кім бар?» — деп налып отыр ол.

Күйеуі болса, Алматыда «балаларға жаным ашиды, обал енді. Әйелімді алып, бір-ақ кетемін. Апарып, ата-анасына табыстаймын», — деп жүр. Ал 29 жастағы әйелі сол сәтте бір пәтерде шалқып жатқан. Желіде ол видеосы да бар. Қасында арақ ішіп отырған әйел: «Темекі бар ма?» — десе, билеп отырған мас келіншек оған басын изейді.

«Музыкаға билеп, ішкен-жегенін көріп отырсыздар. Өз еркіммен кеттім деп қояды. Ей, айналайын, 6 баланы қараусыз қалдырып, некедегі әйел беталбатты жүре бермейді! Мұндай еркіндікке заң тыйым салады, солай емес пе, @kamisha8585? Гүлзат бүгінше бір түн қыдырсын, ал ертеңгі жоспар күшінде ме?» — деп заңгер Камиша Есмұхамбетқызына сұрақ қойды журналист, жазба соңында.

Содан кейін заңгер де өзінің facebook парақшасына Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовті тегтеп, одан көмек сұрады.

«Қанат Таймерденов мырза, Жетісу аудандық Полиция басқармасындағы бір опер мына әйелдің нақты қай жерде екенін біледі. Алайда, опер күйеуіне мәлімет беруден бас тартып отыр. Біресе күйеуіне тыныш жүруін айтып, біресе әйелін жүргіштікке балап, біресе әйелі үйіне қайтпайтынын айтып, әбден безіндіріп отыр.

Ол опердің есі сау ма? Заң ережесіне сәйкес, адам табылған соң туыстарына хабар беруге міндетті. Егер әйел үйге қайтпаймын десе, қолхатты жолдасына көрсетуді сұраймын. Екіншіден, балаларға анасы өте жақсы кейіпте қалғандықтан, балалар анасының мейріміне зар.

Сізден өтінерім, Жетісу аудандық полициямен бірге журналист, заңгерді қатыстыра отырып рейдке шығып, анықталған мекен жай бойынша 6 баланың анасын ұстап, жауапкершілікке тартуға ықпал етуіңізді сұраймын. Жеңіл жүрістегі безбүйректерді масайратып қоюға жол жоқ. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау – басты мақсатымыз!» — дейді Камиша Есмұхамбетқызы.

Заңгер одан кейін де 6 бала тапқан 29 жастағы түркістандық келіншектің Алматы қаласында жеңіл жүріске салынып кеткенін айғақтайтын тағы бір жазба жариялады.

«Қоғамда 5-6 баланы туып, күйеулеріне тастап, өзге еркектермен қаңғырып кететін әйелдерді көрсем, шашын жұлып, 15-30 тәулікке дейін қаматып тастап, ал баланы қауіп-қатерге әдейі апарып тастап, өліммен аяқтаса, түрмеде шірітемін. Балаларды қорғауда ересектерді аямаймын! Біреу балаға зар, біреу далаға зар. Қатын десе, шіріген тряпкаға ұқсап, т…қ көрмеген бейшараға айналғанша, ұяттан қара жердің астына кіргені абзал!» — дейді ол.

Ал 6 баламен ауылында қалған әке Гүлмира Әбіқайға: «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың түр-түсін көрсетіңізші! Бәлкім, Гүлзат сіздің оқырман шығар. Балаларын көріп, жүрегі жібір», — деп, видеоны желіге жүктеуге өз қолымен рұқсатын жазып беріпті.

[:]