Тәуекел Мүсілім әлеуметтік желіде осы күнге дейін бір-бір рет дауыс бермегенін ашып айтты. Бұндайды актерден күтпеген желі қолданушылары оны сынға алған деп жазадыKAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес серісі өзінің сайлауға бірде-бір рет бармағаны жайлы ақпаратпен Instagram парақшасында бөліскен.”Қазақстанда кезектен тыс сайлау болып өтпек. Шынымды айтсам, бірде-бір рет сайлауға бармаппын” , – деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары актерге бұның мақтанарлықтай дүние емес екенін айтқан.”Мен сені өз елінің азаматы әрі патриоты деп санасам. Мақтанатын нәрсе тауыпсың”, “Ұят, бұл қалай болғаны?” , “Сайлауға бармағанымен несімен мақтанасыңдар? Барып дауыс беріңдер, мүмкін сол кезде басшылар халыққа бұрылар” , “Осы жолы міндетті түрде бар” ,”Елің үшін аса маңызды шешім қабылдауға ат салысуың қажет” , “Мен өз басым үнемі барам. Себебі мені елімнің болашағы алаңдатады. Мен мелмекетімнің патриотымын. Сізге де баруға кеңес беремін” , деп жазуда көпшілік.

  

Рубрика: