АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бір сәтте 10 тонна су төге алатын әлемдегі ең үлкен тікұшақ ШҚО-дағы өртті сөндіруге жіберілді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бортта өртті сөндіруге атсалысатын Көкшетау горнизонының 30 мүшесі бар.

ІІМ ТЖ комитеті Шығыс Қазақстан облысы «Семей орманы» резерватындағы өртті сөндіруге Ми-26Т тікұшағын жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтеме жасап. 

«Сағат 07:45-те Көкшетаудан дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ Ми-26Т Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы өртті сөндіруге жіберілді. Борт бір сәтте 10 тонна су төге алады. Одан бөлек, бортта өртті сөндіруге атсалысатын Көкшетау горнизонының 30 мүшесі бар», — дейді Нұрахмет. 

МИ-26 — ауыр, көп функциялы ресейлік тікұшақ. Бұл — дүние жүзіндегі ең ірі сериялық шығарылымдағы тікұшақ. 20 тоннаға дейін техника мен ірі габаритті жүктерді сыртқы аспада не жүк кабинасында тасымалдай алады. Ми-26Т модификациясы өртті сөндіру үшін әзірленген, сонымен қатар жүктерді тасымалдау үшін де қолданылады. Мысалы, 1999 жылы Ми-26Т 20 мың жыл бұрын өлген мамонт пен мұздың 20 тонналық кесегін тасымалдау үшін пайдаланылды.

Еске салайық, кеше, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы «Семей орманы» резерват аумағында өрт шыққан. Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы — 100 гектар. 

 Skifnews.kz ақпарат порталы.
 

[:]