10 февраля, 2020 Comments Off on «Бір билбордта қаншама қате?!»: Абайдың нақыл сөзі Тоқаевтың атынан жазылып кеткен

«Бір билбордта қаншама қате?!»: Абайдың нақыл сөзі Тоқаевтың атынан жазылып кеткен

Қазір әлеуметік желілерде бір көшеге ілінген баннердің фотосы қызу талқылануда. Онда Абай Құнанбайұлының «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деген сөзі жазылған да, оның астына авторы ретінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты-жөні қойылған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оны белгілі экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram парақшасына жариялады. Алайда, баннердің қай қалада тұрғаны әзірге белгісіз. Блогердің «Көшедегі нақыл сөз... Абайдың сөзі қашаннан бері Президент сөзі болатын болған?!» деген жазбасына пікір қалдырушылар да аз емес.

«Бір билбордта қаншама қате?!», «Біртүрлі екен дефиспен. «Қ.К. Тоқаев» десе болады ғой хотя бы», «Не болып бара жатыр? Сонда бүкіл халық көретін нәрсені қатесін тексеретін, дұрыс-бұрыстығын көретін мамандар жоқ па?!», «Билборд жасаушылар да шетінен орыс, ұйғырлар. Оларға бәрібір, теріп-теріп жасап шығара береді, қатесіне түкіргендері бар» дегендей реніштерін білдірген.

Шынымен де бір билбордтағы екі ауыз сөйлемде бірнеше қате жүр.

Загрузка...

Комментирование закрыто.