АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бір ақымақ қыздың кесірінен…[:]

[:kz]

Соңғы уақытта бір ақымақ қыздың кесірінен қазақ-қырғыз арасында сөз таласы жүріп жатыр. Қазақтың да айтпағаны қалмады, қырғыздың да аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығуда.

 

Логикалық бір сұрақ туындайды: қырғыз бізге бауыр ма? Түбіміз бір түркіміз. Бірақ түбіміз бір екен деп, төбемізге шығарып қоймаспыз.

 

Тарихқа қарайтын болсақ қазақтың ең көп шайқасы дәл осы айырқалпақты ағайынмен болыпты. Оны ғалымдар жайылым, шабындық, барымта және т.б қақтығыстарға қарап шығарыпты. Ол жайында кезінде бір тарихи журналдан оқығаным бар еді.

 

Оны қойшы. Соңғы ханымыз Кенесарының ажалы дәл осы көршімізден болып, Қабанбайдың аттан құлап, ажалға әкелген айықпас дертіне де себепкер болған қырғыздың батыры Қараман еді ғой.

 

Жо-жоқ! Біреуді кемсітіп, жау санасын деп айтып тұрғаным жоқ. Тек қаза берсек қос тараптан да тарихи өкпе реніш табыларын ескерткім келеді. Түркіні түлен түртіп, өзара қырқысқаны өзгеге ауадай қажет болып тұр ғой.

 

Бауырлар тебіскенімен, кетіспейді. Ал көшпелілер тіпті. Тұлпардай жақын келсе тебісіп, алыс кетсе бір-бірін іздеп кісінеседі.

 

Сондықтан бір болайық. 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]