18 сентября, 2019 Comments Off on Білім және ғылым вице-министрі желіде қатеге толы жазба жариялады (фото)

Білім және ғылым вице-министрі желіде қатеге толы жазба жариялады (фото)

Білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова әлеуметтік желілерде ғылыми дәрежесін заңсыз иелену мен жемқорлыққа қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді. Вице-министр жазба мәтінінде бірнеше қате жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фатима Жақыпова. Фото: facebook.com

Фатима Жақыпова. Фото: facebook.com

Фатима Жақыпова кеше, 17 қыркүйекте Facebook парақшасында өзіне тағылған айыпты ақтау үшін жазба жариялады.

Ақталуға асыққан вице-министр мәтінінде бірнеше грамматикалық, пунктуациялық және стилистикалық қате жіберген.

Бірінші абзацында-ақ ол "р" әріпін қалдырып "госудаственной" деп жазған.

Вице-министрдің парақшасынан скриншот

Вице-министрдің парақшасынан скриншот

 
Әрі қарай шенеунік сөздерді септеу барысында өрескел қате жіберген. Жақыпова одан да маңызды қателерді соңғы абзацқа "қалдырыпты".

Вице-министрдің парақшасынан скриншот

Вице-министрдің парақшасынан скриншот

 

Айта кетсек, орыс тілі ережелеріне сай, бұл ретте "в завершении" сөзінің орнына "в завершение" қорытындылау нұсқасы қолданылады.

Вице-министрдің парақшасынан скриншот

Вице-министрдің парақшасынан скриншот

Одан бөлек ол сөйлем құрылысындағы көмекші сөздерді де шатастырып алған, "исковое заявление на защиту чести..." орнына "исковое заявление о защите чести..." деп жазған дұрыс.

Фатима Жақыповаға жіберілген қателерін көрсеткен соң, ол лезде түзетіп, ақталды.

"Қазір іссапарда жүрмін, мәтін телефонда жылдам терілген", - деп түсіндірді.

Естеріңізге салсақ, Фатима Жақыпова осы жылдың сәуір айында Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі атанған болатын. Бұл тағайындауға дейін ол ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор болған.

 
  
Загрузка...

Комментирование закрыто.