АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Билеу жүйесі солай қала береді»: Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы сыбыс шықты[:]

[:kz]

«Бұл басқару ол әулетке және әулетке жақын әскерилерге өте тиімді. Шексіз билік пен ұшан-теңіз таусылмас байлық бар қолдарында», — дейді саясаттанушы.

Әлеуметтік желілерде Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ынның қайтыс болғаны жөніндегі қауесет желдей есті. Ол туралы қазақ аудиториясына атышулы Серікжан Біләш видео арқылы хабарласа, саясаттанушы Асхат Қасенғали facebook парақшасына жазба қалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ким Чен Ын өлсе де Солтүстік Кореяның билеу жүйесі солай қала береді деп ойлаймын. Ким әулетінен басқа біреу отыруы мүмкін. Бірақ, сол тоталитарлық жүйеде отыра береді. Бұл басқару ол әулетке және әулетке жақын әскерилерге өте тиімді. Шексіз билік пен ұшан-теңіз таусылмас байлық бар қолдарында.

Ким өлген соң, режим автоматты түрде демократиялық болады деу қате. Өйткені, қылмысты тек Ким жасаған жоқ. Оны генералдар, қолбасшылар, министрлер және т.б. лауазымды тұлғалар бірлесе жасады. Концлагерьлер салды, жазықсыз соттар мен өлім жазалары кесілді.

Режим бірден демократиялық болып кетсе, сол қылмыстары үшін жаңағылар жауап беруі тиіс. Әрине, олар оны қаламайды. Сондықтан 70 жыл тұрған бұл басқару моделін сақтап қалуға тырысады.

ПыСы: бір аптадан кейін томпақ брат қайтып келуі де мүмкін» деп жазды Асхан Қасенғали. Ал Серікжан Біләш әдеттегі «әләуләйіне» басып, оны «өлсе, өмірем қапсын» деп қарғап-сілеп отыр.

Еске сала кетсек, Солтүстік Корея басшысы жақында мерекелік шараларға қатыспағаннан кейін оның денсаулығына қатысты түрлі болжамдар шыға бастады. Өткен аптада жүрек-қан тамырлары отасынан кейін Ким ауыр халде болды деген болжам да бар.

Тіпті, АҚШ-тың Ақ Үй әкімшілігі оның қазіргі денсаулығынан күдіктенетінін мәлімдеп қойған болатын. CNN-нің ақпаратына сенсек, сондағы шенеуніктердің бірі Ким Чен Ынның «өміріне үлкен қауіп төніп тұр» деп, жағдайының отадан кейін нашарлай бастағанын айтқан. Алайда, Ақ Үй ол сыбысқа қатысты түсініктеме беруден бас тартқан еді.

[:]