02 декабря, 2019 Comments Off on Биік өкшелі аяқ киіммен сылаң қағып билеген жігіт көпті таңқалдырды (ВИДЕО)

Биік өкшелі аяқ киіммен сылаң қағып билеген жігіт көпті таңқалдырды (ВИДЕО)

Биші жігіттің сөзіне сенсек, дәл осы бағыт өзін дамытуға барынша мол мүмкіндік береді екен.

19 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны биік өкшелі аяқ киіммен би билейді. Жігіт осы әрекеті арқылы дәстүрлі қоғамның назарын өзіне аударып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Консерватизмдік ойлау жүйесіндегі әлеуметке жаңаша көзқарасын білдірген жігіт Сырым Сүлеймен 2015 жылдан бері би өнерімен шұғылданады. Жаңаша іздену жолына бетбұра келе ол, өзін дамытып, 
 "Vogue" деп аталатын би стильін ашты.

Биші жігіттің сөзіне сенсек, дәл осы бағыт өзін дамытуға барынша мол мүмкіндік береді екен. Әйтсе де, Сырымның тәжірибе жасап, өзін шыңдауы әлі де тоқтаған жоқ. Тіпті, жақында Сырым  қыздар киетін биік өкшелі аяқ киімді киіп биледі.

Қоғамда қалыптасқан стеоротиптерді бұзып, таңдау еркіндігіне сүйеніп,  әлеуметтің психологиялық шабуылына қарсы шығып, әйелдік, еркектік ұстанымдарға адекватты түрде қарайтын оның  шығармашылық образы мен  көзқарастары жайлы видео материалдан білуге болады.

Загрузка...

Комментирование закрыто.