Өтірік – өрге баспайды. Ажырасуға өзің арыз бердің бе? Енді баласын анасына бер. Мені көпшілік Ана ретінде дұрыс түсінсеңіздер. Бұл жерде әлімжеттік мәселесі туындап тұрған жоқ па!?

Бұдан бұрын Ерке Есмахан атты әншімен шаңырақ құрып, ажырасып кеткен танымал журналист Асхат Садырбайдың одан кейін тағы да үйленгені белгілі. Бірақ, оның Айғаным Қорабаевамен құрған отбасында үлкен мәселе туындағанға ұқсайды. Бұлай деуімізге себеп жоқ емес. Өйткені, Асхаттың екінші жұбайы Instagram-парақшасында: «Ешқандай отбасылық аккаунтым жоқ. Мен Меркідемін. Біз ажырастық. Шындық бәрібір сыртқа шығады», – деп жазба қалдырған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

 Айғаным, әлеуметтік желіде жаңа парақша ашып, оған Асхат Садырбаймен бірге түскен отбасылық суреттерін жүктемеген.Тек Зейін атты ұлын сағынып жүргенін білдіріпті. Оның жазбасынан түсінгеніміз Асхаттың  екінші әйелі ұлын біраздан бері көрмегенге ұқсайды.

Айтпақшы, Айғанымның анасы Instagram парақшасы  арқылы  Асхаттың назарына бірнеше жазба қалдырды. 

«Семья мемлекет дейді.Сол жанұяны басқара алмасаң бетперде киюдің қажеті жоқ. Жоспар құрып, үйге камера қойып, ұялы телефонға түсіріп, әйеліңді мазақ ету, жылатудағы мақсатың не?! Мақсатыңды түсінбедік қой. Анасынан баланы айыру ма? 15 күн болды. Ана мен кішкентай 3 жасар баланы жылатып жүргеніңе. Анаң екеуіңнің істеген әрекеттерің миға қонымсыз. Өтірік – өрге баспайды. Ажырасуға өзің арыз бердің бе? Енді баласын анасына бер. Мені көпшілік ана ретінде дұрыс түсінсеңіздер. Бұл жерде әлімжеттік мәселесі туындап тұрған жоқ па!? Заңға қарсы шығуы, анасын баласынан айыруы ертеңгі күні анасы баласынсыз іш құса болып өлмей ме? Бұның арты неге апарады?! Соны Асхат Анасы екеуі түсіну керек қой! Әрине, заң шешеді! Асхат! Сендердің өмірлеріңнің талқыға түскенін қаламаймын, тек анасына баласын қайтар!”, – деп “@raya_2265” аккаунтымен тіркелген Асхат Садырбайдың енесі желі арқылы күйеубаласына үндеу жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Садырбайдың Ерке Есмахан есімді әншіден бір ұлы бар екендігі көпке аян. Ал екінші әйелі Айғаным Қорабаевамен 2015 жылы үйленген, одан да бір баласы бар.

 

Рубрика: