АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Беташарды бұзбаңдар»: Концертте бейтаныс адамнан сөз естіген Қабдол сахнадан шығып кетті (видео) [:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның әнші Қабдол Тілековке сахнада «беташарды бұзбаңдар» деп сын айтқан сәтінің видеосы тарады. Оқиға «Меховая 8/1» тобының концертінде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі alash_ulandary тобында жарияланды.

Кадрдан бейтаныс ер адамның сахнада Қабдол Тілековті «беташарды бұзып жүрсің» деп сынға алғанын байқауға болады. Сын айтылып жатқанда өнер иесінің сахнадан шығып кеткені де видеода көрінеді. Сонымен қатар жиналған қауымның наразылық танытып, ысқырғандарын естіледі.

«Қазақтың өнерінің өшуіне, қазақ өнерін өзгертуге қарсы азаматпын. Қазақтың өнерін ешқашан өзгертпеңдер! Қабдол, сен алдында мен болған тойда бет аштың.

Беташарды бұрынғы Біржан салдардың әндерімен неге ашпайсыңдар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🅐🅛🅐🅢🅗_🅤🅛🅐🅝🅓🅐🅡🅨 ☪ (@alash_ulandary)

Беташарды неше түрлі әнге салып айтатын болдыңдар.

Бұл концертке қарсы шығу емес. Осында өсіп келе жатқан қанша жастар мен балалар бар.

Соларға қандай үлгі-өнеге бересіңдер», — деді ер адам.

Бұны көрген желі оқырмандарының басым бөлігі сын иесімен келісетінін жеткізді.

«Ағамыз дұрыс айтады», «Тамаша салтты, беташарды бұзбау керек», «Үлкеннің сөзін бөлмеу керек. Өздерінше шіреніп тұр. Мәдениетті болуды үйрену керек», «Осыларды көрсем мен де айтайын деп жүр едім. Содан кейін қайта-қайта ақша сұрай бергенді қою керек», «Дәл осылай көпшілік алдында бетіне басқаны дұрыс болған екен», «Қазақ дәстүрін аяқ асты қылғанды қою керек», «Осы сынды кім, қашан айтады деп күтіп жүрген едім, рақмет аға», — деді олар.

Пікір білдіргендердің арасында ер адамның көпшіліктің алдында сын айтқаны мен концерттің шырқын бұзғаны дұрыс емес дегендер де табылған. Ал Қабдол Тілеков бұған қатысты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз ойын жеткізді. «Әңгіменің тоқетерін айтайын.

Іс сапармен, концертпен Ақтөбе қаласына халықты қуантуға келдік. Түсінбегенім концертке менің беташарымның не қатысы бар? Айтса да, халықтың алдына шығып не керек? «Көтерілем деген баланың бетінен қақпа белін бу» деген кезінде атам қазақ. Бұл сөзіммен өзімнің өнерім мен беташарымды мақтап отырған жоқпын. Барлық халыққа бірдей ұнау мүмкін емес. Оны барлығымыз білеміз.

Мені шақыртатын халық. Youtube-тен көріп, өздері тойларында қызмет еткенімді қалайды. Мен өзім хабарласып ешқашан жармасқан емеспін. Беташарды өзгертіп айтты дегендей, бұл жерде келінге ағылшынша өсиет айтпаймын.

Халыққа жағымды, арнайы ақын ағаларымызға сөз жаздырып, қалай шырқасам да қазақтың қара домбырасымен, қазақтың қара сөзімен келінге өсиет айтып, туған туыстарына таныстырып келем! Бұнымен айтқым келгені, егер де маған реніш болса, бұлай концертте емес, жеке шығарып алғаны дұрыс дегім келеді.

Бұл ағамыздың айтқаны хайп па, әлде айып па? Сын көтере алатын жанмын, бірақ той емес, бұл концерт! Барша мені қолдайтын жандарға Алланың нұры жаусын», — деді Қабдол Тілеков.

 

kaz.nur.kz

 

[:]