АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бес жылқы арам қатты: Петропавл–Нұр-Сұлтан тасжолында жүргізуші жолға шығып кеткен жылқыларға соғылған[:]

[:kz]

Петропавл–Нұр-Сұлтан тасжолында «Хюндай Акцент» көлігімен келе жатқан жүргізуші бір ажалдан аман қалды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Көкшетаудан Нұр-Сұлтанға шыққан 25 жастағы жігіт қараңғы уақытта тас жолы тақтайдай ақылы автобанда келе жатады. Сапарының 119-шы шақырымында жолда тұрған үйір жылқыны көрмей, жаншып өтеді. Артынша, қоршау темірге барып соғылған. 

Қатты жылдамдықпен соққандықтан бес жылқы сол жерде арам қатқан.Тіпті, аяқтары жұлынып кеткен екен. Жүргізушінің өзі апаттан бас жарақатын алып, Ақкөл ауданының ауруханасына жатқызылды.Басқа зардап шеккен азаматтар жоқ. 

 

Жаңа көліктің сау тамтығы қалмай, жарамсыз қаңылтырға айналған. 

Полицейлер түн ішінде автобанға шығып кеткен жылқылардың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

Stan.kz

[:]