АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бес басқыншы 14 жастағы қызды жабылып зорлады»: Украинада ресейлік сарбаздардың зорлық оқиғалары айтыла бастады [:]

[:kz]

 

Бұл туралы currenttime.tv сайтында жазылды деп хабарлайды  kaz.caravan.kz

Харьков облысындағы Малая Роган ауылының тұрғыны мектепте орыс солдаты қызын қалай алып кетіп, зорлағанын айтып берді.

«Түнгі он екі жарым болды. Ол таңғы жетіде қайтып келді. Мен түні бойы ұйықтамадым, оны өлтірді деп алаңдадым. Ол оны екінші қабаттағы сыныпқа сүйреп апарып, түні бойы зорлады. «Оның бетін, мойнын тіліп тастады. Ол оны зорлады, оны өлтіргісі келді. Шашын пышақпен кесіп тастады. Қызым қазір сөйлей алмайды, жағдайы ауыр», — дейді әйел.

Жәбірленушінің анасы айтқан оқиғаны Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы өз баяндамасында жазып алған. Хабарда Харьков облысындағы қыздан басқа Мариупольдегі, сондай-ақ Чернигов облысының ауылдарында ресейлік әскерилердің жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны туралы тағы үш дерек айтылған.

Ресейлік әскерилердің украин әйелдеріне қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттері туралы бұдан да көп фактілер Киев облысындағы елді мекендерді азат еткеннен кейін шыға бастады. Украиналық әскерилер Богдановка ауылында толығымен өртеніп кеткен үйді түсіріп алған видеода оның қасында өлтірілген ер адамның денесі көрсетілген.

«Күйеуі отбасын қорғауға тырысты. Ол 1985 жылы туған. Жас жігіт. Өз ауласында тапанша оғынан көз жұмды», — дейді Киев облысы полициясының бастығы Андрей Небитов.

 

Полицияның мәліметінше, ресейлік сарбаздар өлтірілген ер адамның әйелін зорлаған.

Украинаның адам құқықтары жөніндегі комиссары Людмила Денисованың мәліметінше, Киев облысында тек әйелдер ғана емес, балалар да зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

«Олардың қатыгездік деңгейінде шек жоқ,  Зорланған балалар бар. 14 жастағы қызды бес басқыншы зорлаған. Ол қазір жүкті.

Буча. Ұл бала, 11 жаста. Анасының көзінше зорлаған, шешісін көріп отырсын деп орындыққа байлап қойған.

Буча. Әйел, 20 жаста, бірден үш басқыншы зорлаған», — деп жазды Денисова.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]