АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек көз жұмды[:]

[:kz]

Қазақстанға танымал тележүргізуші, «Жетісу» арнасының директоры Бейсен Құранбек көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты «Қарекет» бағдарламасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы растады, 

«Ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді», — дейді Ақжелең Рахатдинқызы, деп жазды Tengrinews.kz.

Қайғылы хабар туралы тележүргізуші Айгүл Мүкей Instagram-дағы парақшасында жазды.

 

«Әріптесіміз, әрі досымыз Бейсен Құранбек өмірден озды», — деп жазды ол.

 

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімдігі де бұл ақпаратты растады.

«Иа, Бейсен Құранбек өмірден өтті», — деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қазақстандық журналистер, танымал тұлғалар, өнер иелері, сонымен қатар қырағы көрермендер Бейсен Құранбек туралы естеліктерін жазып, туған-туыстарына көңіл айтып жатыр. Stan.kz ұжымы да танымал журналистің отбасына көңіл айтамыз.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал жүргізушінің ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпараттараған болатын. 

 

[:]