АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бекетте тоқтатылған көліктің жүксалғышынан жүргізушінің қалыңдығы табылды (видео)[:]

[:kz]

 

 

Қарағанды облысында жүргізушінің жүксалғышынан қалыңдығы табылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұстафин атындағы ауылдың Бұқар Жырау ауданы ПБ полицейлері блокбекетте қызметін атқарып жүргенде, сағат шамамен 23.30-да Audi автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде полицейлер көліктің жүк бөлігінде 35 жастағы әйелдің жасырынғанын анықтаған.

Жүргізушінің айтуынша, келіншек оның үйленгелі жүрген қалыңдығы екен.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы 1-бөлігі (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың әрқайсы мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 27 мың 780 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

 

kaz.tengrinews.kz

[:]