АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бекболаттың жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды» — Қайрат Жолдыбайұлы[:]

[:kz]

 

Сені ренжіткен адамға деген жүрегіңдегі дұшпандықты басқа емес, сол адамға арнайы жасаған ізгі тілегің ғана жуып тазалайды.

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы кешелі-бері ғаламтор бетін шулатып жатқан Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның дауысы делінген аудиожазбаға қатысты пікір білдіріпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Дінтанушының айтуынша, шын мұсылман көкірекке кек байламайды.

«Менен кейбір кісілер қарғыс айтудың діндегі үкімін сұрап жатыр. Кешірімді болу, өзіне жаманшылық жасаған, ренжіткен адамдар үшін Алладан жақсылық тілеу мұсылман баласына жарасады. Бұл ең әуелі кісінің жүрегін кектен, ыза мен дұшпандықтан сақтайды. Сені ренжіткен адамға деген жүрегіңдегі дұшпандықты басқа емес, сол адамға арнайы жасаған ізгі тілегің ғана жуып тазалайды. Көкірекке кек байлатпайды. Мен мұны өз басым жиі қолданамын. Екіншіден шынайы жанашырлық. Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез» деген пәлсапасы бізді осыған тәрбиелейді. Уағызды не үшін айтамыз? Адамдар екі дүниеде де жаманшылыққа ұшырамаса екен деген жанашырлықпен айтамыз. Ендеше қарғыс, осы ниетімізге керағар әрекет.

Бірақ өмірде неше түрлі жағдай болады. Түрлі зұлымдыққа ұшыраған кісінің қатты жаны қысылғанда ауызынан ерікті-еріксіз қарғыс сөз шығуы да мүмкін. Бірақ оны былайғы уақытта ренжіскен әр адамға қолдану дұрыс емес. Ары кетсе, Аллаға тапсырған абзал. Кейде ары мен намысын сақтап қалудың басқа жолы қалмағанда, нақақтан жала жапқан адамға барып «сенің айтқаның рас болса, Құдай мені төбемнен ұрсын, ал жалған болса сені ұрсын» деп бірге дұға етейік деп ұсыныс жасауға рұқсат. Мұны дінде «мұлағана» дейді. Көп жағдайда өзіне сенімсіз тарап бұдан бас тартып жатады. Бұл бірақ аса зәру жағдайда ғана жасалады», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Дінтанушының жазуынша, шынайы мұсылман көкірекке кек байламайды. Мәжіліс депутатының бұл ісі көңілгі қонымсыз тірлік. 

«Қарғыс жайлы қысқаша мәліметтен кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан Бекеңнің аудиосы жайлы қысқаша ғана айтайын. Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды.

Алла баршамыздың біліп-білмей істеген күнә, қателіктерімізді кешірсін! Уа, Аллам, бізге адамдардың жақсы жағын көре білетін көз, нашар жағын кешіре алатын жүрек, жамандықты ұмыта алатын көкірек, ешқашандай жағдайда үміт пен сенімін жоғалпайтын рух бере гөр! », — деп атап өткен дінтанушы. 
 

 

[:]