АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бейсен Құранбекті қараған емші: «Бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың, қарағым-ау!»[:]

[:kz]

 
Танымал тележүргізуі Бейсен Құранбек өмірден озды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасаған Алаш айнасы хабарлайды 

Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында, айықпас дерттен көз жұмды.

Бұған дейін талай емші-дәрігерлерге қаралып емделген. Бұл туралы әріптесі Дана Нұржігіт желідегі парақшасында жазды.

«Қимас досым,жанашыр әріптесім,журналистика,оның ішінде телевизия журналистикасында ҚҰБЫЛЫС болған саңлақ- Бейсен Құранбектен айрылып қалдық,ағайын!

Бейсенді қараған емшілердің бірі, «бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың,қарағым-ау!» деген екен…

Нардың жүгін арқалап жүріп,айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың,Бейсеке…

Қазаққа ұл болған Бейсеннің жақындарына,соңғы деміне дейін қасында болып,кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға,әкесінің қос шынары-қыздарына,90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз!

Бақұл бол,досым!».

[:]