АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баянауылдағы алапат өрт: Өртті сөндіруге 500 адам жұмылдырылды[:]

[:kz]

Павлодар облысында Баянауылда шыққан алапат өрт ауыздықталды. Қызыл жалынмен күресуге 500 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған штаб қызметкерлері өрт сөндіру жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қызыл от шарпыған үш ауылдық округте өрт толық сөндірілді, тағы да екі ауылда өрттің бетін қайтарылды. Сонымен қатар Баянауыл ұлттық табиғи паркінің тау бөктерлеріндегі өртті сөндіру жұмыстары да жүріп жатыр.

Баянауылдағы алапат өрт: Өртті сөндіруге 500 адам жұмылдырылды

«Бұл орман-дала өртінің пайда болуына және сөндірушілерге бой алдырмауына өткен күндері ауданда ауа температурасының жоғары болуы және жылдамдығы секундына 20-24 метрге дейін жеткен желдің күшеюіне байланысты болды. Кешеден бері өртті сөндіруге 120 бірлік техника мен департаменттің жеке құрамы, ұлттық парк қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының өкілдері, барлығы  500 адам жұмылдырылды», — дейді өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Таңертең өрт сөндіруге МИ-8 тікұшағы да кіріседі. Үш тонналық цистернаны көтеріп ұшатын әуе техникасының көмегімен жол үсті техникасы жете алмайтын аумақтардағы өрт сөндіріледі.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, өрттен жапа шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Баянауылда алапат өрт шыққанын хабарлаған едік.

Stan.kz

[:]