АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баян Алагөзованың қызы мен күйеу баласы жүргізуші куәлігінен айырылды [:]

[:kz]

Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек 2018 жылы мас күйінде көлікке отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Полиция оның күйеуі Алишер Қайдаровтан да осындай құқықбұзушылығы үшін жүргізуші куәлігін алып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Айсәуле Бақытбек 2018 жылдың ақпанында «Toyota» маркалы автокөлікті орташа деңгейлі мас күйде тізгіндеп, оны жол полициясы қызметкерлері тоқтатқан.

Бақытбектен жүргізуші куәлігі алыныпты, алайда сотқа белгісіз себептермен материалдарға қоса берілмеген.

ҚР Жоғарғы Сотының сот актілерінен алынған скриншот

ҚР Жоғарғы Сотының сот актілерінен алынған скриншот

 

Ал оның күйеуі Алишер Қайдаров та 2018 жылдың 13 желтоқсанында осындай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

«Mercedes-Benz GL400 matic» автокөлігін мас күйінде тізгіндеген ол жол полиция қызметерлеріне «ұсталып» қалыпты.

Айта кетсек, іс материалдарына жігіттің жүргізуші куәлігі қоса тігілмеген. Сотқа алдын ала шақырту жіберілсе де, Қайдаров сотқа келмепті.

ҚР Жоғарғы Сотының сот актілерінен алынған скриншот

ҚР Жоғарғы Сотының сот актілерінен алынған скриншот

 

 

[:]