Баян Алагөзова Жамбыл облысындағы жарылысты елең қылмады деп айыптағандарға жауап берді. Продюсер бұл істе жауапты емес екенін, өз көңіл-күйін көтеруге құқылы екенін атап өтті деп жазадыStan.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыстан кейін продюсер желіде әдемі суретін жариялап, “бақытты күн” деп жазды. Жамбыл облысының тұрғындары зардап шегіп, ел аз тұтып жатқанда продюсердің әрекетін біраз адам сынап үлгерді. Продюсер өзінің саясаткер емес, әртіс екенін айтып ақталды.

 

“Ал енді БАҚ өкілдеріне сұрақ. Мен депутат немесе министр емеспін, не үшін елде болып жатқан оқиғаларға пікір білдіруім керек? Неге мен? Иә, мен әрқашан азаматтық ұстанымға ие болдым, бірақ мен болып жатқан оқиғаларға жиі пікір айтамын. Бірақ мен саясаткер емес, әртіспін, продюсермін. Мен үйде үнсіз өз көңілімді көтере аламын ба, жоқ па? Неліктен мен туралы астарлап, сарказммен және тіпті ұят әрекет деп жазылады? Шенеуніктерден, бұл іске тікелей жауапты адамдардан сұраңыз. Оларды ұятқа қалдырыңыз, менде, ең болмағанда, көзқарасымды құқығым бар ма, жоқ па?! Иә, менің отбасымда шынымен де бақытты күн болды және бұл болмай тұрып жоспарланған болатын”, – деп жазды ол парақшасында.

Желі қолданушылары оның сөзін қолдап, енді бірі қарсы пікір жаза бастады. 

“Шынында да әртістің оқиғаға не қатысы бар? Ол не үшін өз көңіл-күйін көтере алмайды?”, “Жарылысқа жауапты адамдарға осылай жазу керек”, “Ел аза тұтып, қара жамылғандар қайғы жұтып отырғанда бұлай жазу дұрыс емес, журналист соны меңзеген”, “Сіз ел алдында жүрген соң сізден жақсы сөз күткенбіз”, “Бұл істе кінәлі адамдар жауап берсін, әртіс, әнші-күйшінің ешкімде шаруасы жоқ”, –деп жазды олар. 

Рубрика: