АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бауырымды Сирияда болғаны үшін соттады»[:]

[:kz]

Орал қаласында Сириядан келген 19 жастағы жігіт сегіз жылға сотталды. Судья Найля ЖҮНІСОВА оны ҚК-тің 257 бабының 2 тармағы бойынша (Террористтік ұйымға қатысқан) үкім шығарған.

uralskweek.kz сайтының жазуынша Абай ХАМЗУЛИНДІ ата-анасы он бес жасында Түркияға алып кеткен. Олар діни көзқарастары бойынша Сирияға аттанған. Абайдың қарындасы мен анасы Түркияда қалып, өзі әкесімен Сирияға өтіп кетеді. Бір жылдан соң 16-ға толған боз баланы әскери дайындықтан өту үшін арнайы жасаққа қабылдайды.

Тергеушілердің мәліметі бойынша Абай Хамзулин ИГИЛ жасағының құрамында болған.

«Біз соттың шешімімен келіспейміз. Абайдың кінәсі жоқ. Ол ешқашанда теракт ұйымдастырып, қарулы қақтығыстарға қатыспаған. Бар айыбы өзінің еркінен тыс Сириядағы әскери базада болғаны», — депті сотталушының әпкесі Сәуле КУРЬЯН журналист Мария МЕЛЬНИКОВАҒА.

Сәуленің айтуынша, оның бауыры бір жылдан кейін әскери дайындық жасағынан қашып шығып, күрдердің тұтқынына түседі. Сол жерде Қазақстан үкіметіне хат жазады. Оның тұтқынан босап шығуына «Қызыл крест» ұйымы мұрындық болған.

Енді Абайдың туысқандары облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші. Қазір жас жігіттің отбасы Қазақстанға оралыпты. Әкесі тергеу абақтысында екен.

Жас Алаш 

Фото: uralskweek.kz

 

 

 

 

[:]