Батырхан Шүкеновтің анасына ұлына тиесілі «Ауған соғысының ардагері» ескерткіш медалі табысталды.

Бұл туралы «Хабар» арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Батырхан Шүкенов 1983 жылы соғыстағы жауынгерлерге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған Ауғанстандағы концерттерге қатысқан болатын. Оған 1999 жылы әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуына 10 жыл толуына орай «Ауған соғысының ардагері» марапаты берілуі керек еді. Бұл медаль ұзақ уақыт бойы Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағат қорында сақтаулы тұрды.

Биылғы жылы ол медаль Батырхан Шүкеновтің шығармашылық қызметі басталған «Қазақконцерт» мекемесіне табысталды. Ал, «Қазақконцерт» басшылығы Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30-жылдығын мерекелеу және қазақ композиторын, әрі әншісін еске алу құрметіне кеш өткізіп, батырға тиісілі медальді анасына табыс етті. Салтанатты шарада сахнадана Батырхан Шүкеновтің әні шырқалды.

«Ашығын айтқанда таңғалып отырмын және осы іс-шараны ұйымдастырғандарға айтар алғысым шексіз. Ұлымның дүниеден өткеніне қарамастан, мен оның тірі екенін қайта көріп тұрмын, оның есімі тірі, әндері тірі. Бұл медаль сол күндерді еске түсірді. Сол кезде Батырхан үйіне аман оралмауы мүмкін екенін түсінді. Бірақ, оның соғыстағы біздің жігіттерді қолдауға деген ниеті қорқынышынан да күшті болды. Мен ұлымды ұмытпай, есімін сақтап жүрген Қазақстан халқына ризамын», – деді Батырхан Шүкеновтің анасы.

stan.kz

Рубрика: