АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Батып бара жатыр деп адамды құтқарып қалған піл жұрттың жүрегін елжіретті (видео)[:]

[:kz]

Басты кейіпкер мейірімді піл болған видео әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Кадрлардан пілдің ер адам суға батып бара жатыр деп ойлап, оны құтқармақ болған сәтін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзіне қарай асығып келе жатқан пілді көрген ер адам шошып кетеді. Піл оны жағаға алып шыққаннан кейін ғана тынышталды. 

Желі қолданушылары пілдің әрекетіне дән риза. «Маған басқа пілдердің оған қарап тұрғаны ұнады. Құдды «Сен мұны жасай аласың» деп тұрған сияқты», «Түү, жануарлар неткен мейірімді еді», «Шыны керек, жануарлар кейде таңғалдырады. Мейірімділігі адамдардан асып түседі» деп жазды желі қолданушылары.

Stan.kz 

[:]