22 февраля, 2019 Comments Off on «Басынан саптыаяқпен ұрды»: Атырауда полиция қызметкері кәсіпкерді ұрғаны үшін сотты болды (видео)

«Басынан саптыаяқпен ұрды»: Атырауда полиция қызметкері кәсіпкерді ұрғаны үшін сотты болды (видео)

Атырау облысында дәмхана иесін ұрғаны видеоға түсіп қалған полицейлер сотта жауап берді. Олардың ер адамды ұрған видеосы желіде тарап кеткеннен кейін оқиғаның төңірегінде дау туындаған еді.Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға өткен жылдың 1 шілдесінде Құрманғазы аудан орталығында болған.

Тергеу анықтағандай, Құрманғазы аудандық ІІБ майоры Әміржан Ертаев өзі демалған «Сушняк» дәмханасының иесіне ұнамсыз сөз айтқан. Мұнан кейін оның басынан сыра саптыаяғымен ұрып жіберіпті.

Бұл кезде оның әріптесі – ІІБ басшысының орынбасары Жасұлан Мұқашев та озбырлық танытқан. Алайда ол ер адамдарға араша түсуге тырысқан көрінеді.

Оқиғадан кейін Мұқашевқа қызметіне сай әрекет жасамағаны туралы ескерту жарияланған.

Тергеушілер Ертаевтың әрекетін бұзақылық ретінде тіркеді. Ол өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді.

Нәтижесінде Әміржан Ертаев 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, майор шенінен айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге материалдық шығын ретінде 32 мың теңге, моральдық шығын ретінде 200 мың теңге төлеп беруі тиіс

Источник: Stan.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.