АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баспаналы болды: Қасиетті Құрбан айтта мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана бақытқа кенелді[:]

[:kz]

Көкшетауда Құрбан айттың бірінші күні екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды

Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күнінде баспаналы болған жандардың бірі Гүлнар Хамзина.  48 жастағы жалғызбасты ана  1-ші топтағы мүгедек.

Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінің мәлімдеуінше, Гүлнар  осыған дейін қалада пәтер жалдап келген екен.

Ал оларға берілген пəтер облыстық «Науан Хазірет» мешіті мен «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы сатып алыныпты.

Айта кетейік, аталмыш жоба басталғалы мұқтаж отбасыларға көпшіліктің көмегімен сатып əперілген екінші пәтер.
kyn.kz

[:]