АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баспалдаққа ұмтылған балақайды құтқарып қалған мысық желіде хит болды[:]

[:kz]

Желіде баспалдаққа ұмтылған бүлдіршінді жүгіріп келіп, құтқарған мысықтың видеосы тарап кетті. Адам сенгісіз жағдай үйдегі камераға түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Аталмыш видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды.

Онда үй мысығының баспалдаққа қарай ұмтылып, еңбектеп бара жатқан бөбекті құтқарып қалған сәтін анық көруге болады.

Жазба авторларының айтуынша, оқиғаның нақты қайта болғаны белгісіз. Олар тек ерекше жағдайдың үй ішіндегі камераға түсіп қалғанын баяндаған.

Желі қолданушылары үй жануарының «ерлігіне» тәнті болған. Олар:

«Ақылды мысық», «Баланың періштесі қағып қалған», «Ғажам көрініс» деген пікірлерін жаудырып жатыр.

 
 

[:]